Қоғам • 04 Маусым, 2021

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 6 935 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Тәуелсіздік алғалы бері елімізге 1 млн 77,3 мың этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 6,2% – Түрікменстаннан, 2,7% – Моңғолиядан және 4,4% қандас басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,5%), Түркістан (15%), Маңғыстау (17,7%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (11%) қаласына қоныстанды. 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 56,5%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 24%-ті және зейнеткерлер 19,5%-ті құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,3% – жоғары білімді, 39,5% – орта кәсіби білімді, 45,5% – жалпы орта білімді және 3,7% білімі жоқ.