Әлем • 04 Маусым, 2021

АҚШ-та мутант-масалар еркіндікке жіберілді

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Флорида штатында генетикалық тұрғыда түрлендірілген масалар қоршаған ортаға жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz FOX13 телеарнасына сілтеме жасап.

АҚШ-та мутант-масалар еркіндікке жіберілді

Бұл экспериментке себепкер Aedes aegypti масаларының шектен тыс көбеюі. Олар адамды шақса, денге және чикунгуня безгегін жұқтырады. Дер кезінде емделмесе адамды есеңігертіп, қан кетуіне әкелуі мүмкін. 

Тәжірибеге арналған жәндіктерді Бразилия, Кайман аралдары, Панама және Малайзия сияқты елдерде осындай жобаларды жүзеге асырған британдық Oxitec компаниясы ұсынды. Эксперименттен кейін бұл елдерде маса таратушыларының саны 90 пайызға азайған. Модификацияланған масалардың шығуы пестицидтерді қолданбай популяцияны бақылауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. 

Мутант аталық масаларға болашақ аналықтардың вирус тасымалдаушыларының тіршілігін жоятын ген енгізілген.  Бұл жергілікті масаларды көбейтпейді деп күтілуде.

Айта кетейік, осындай мәселеге байланысты штат үкіметі жыл сайын зиянды жәндіктермен күресу үшін 1 миллион доллар (430 миллион теңге) бөліп, әуе инсектицидтерін шашырату сияқты қымбатқа түсетін жұмыстар атқарып келген.