Аймақтар • 04 Маусым, 2021

Алматы облысында үш ауданның тұрғындары жолды жауып тастады

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының тұрғындары Сарыөзек - Көктал республикалық бағытындағы жолды жауып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Алматы облысында  үш ауданның тұрғындары жолды жауып тастады

Тұрғындардың айтуынша, маңызы бар тас жол ауыр салмаққа есептелмегендіктен, шыдас бермей ойылып, кей жерлері көтеріліп жатыр екен. Сондықтан жеңіл көлік иелері «жүруден қалғандарын» айтады.

«Он тонналық КамАЗ жүрсе, ештеңе емес қой. 40 тоннамен де жүре береді. Керек десе, алпыс тонна басып алады. Осыдан кейін жолдан не қалады», дейді Кербұлақ ауданының тұрғыны Құрманғазы Насыров.

Екі ауданды байланыстыратын республикалық маңыздағы жол кеңес уақытында салынған.

«Қазір 40-50-мен жүреміз. Түнде 20-мен жүреміз. Екі орта 80 шақырым. Сарыөзектен Басшиге дейін екі-үш сағат жүреміз. Жолды білмейтін адамдар ұрынып жатыр. Көліктің астын тесіп жатыр. Білетін адамның өзі теседі. Кебіреулер жолдан шығып кетіп жатыр», дейді жүргізуші Қанат Шепенов.

Алайда мердігерлер құрылысты бастағанымен, іс аяқсыз қалған. Жолдың бұзылуына жүк көліктерінің әсер еткенін зауыт өкілдері де ішінара мойындап отыр. Сол себепті олар қаржы қарастырып мың шаршы метр асфальтты қалпына келтірмек ойлары бар.