Әлем • 04 Маусым, 2021

Еуроодақта цифрлық ID-әмиян қолданысқа енеді

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа цифрлық платформаға арнайы қосымша арқылы кіруге болады. Мұнда адамның жеке басын куәландыратын ақпарат пен құжаттар сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуроодақта цифрлық ID-әмиян қолданысқа енеді

Мысалы, білімін растайтын дипломдар мен жүргізуші куәлігін де осы қосымша арқылы алуға болады. ID-әмиян арқылы еуропалық тұрғын өзге елде көлікті жалға алып, банкте арнайы шот ашып, салық декларациясын тапсырып, тіпті оқуға да түсе алады. 

Электронды паспортта адамның саусақ іздері сақталады. Жеке бас ақпараттың тізімін кез келген тұрғын өзі шешпек. Мамандар барлық мәліметтің қауіпсіз сақталатынына уәде беріп отыр.

Жоспар бойынша енгізілетін бұл жүйе арқылы алдағы бес жылда 27 мың жаңа жұмыс орыны ашылмақ. Қазір Еурокомиссия цифрлық әмиянды 2022 жылы іске қосу үшін тиісті құжаттарды дайындап жатыр.