Хоккей • 04 Маусым, 2021

Жүлделі орындар үшін таласатын командалар анықталды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алған командалар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүлделі орындар үшін таласатын командалар анықталды

Ширек финалдық сайыста АҚШ құрамасы Словакияның тас-талқанын шығарды. Есеп – 6:1. Бұл матчта Колин Блэквелл мен Конор Гарланд дубль авторы атанса, Брайан Бойл мен Александр Хмелевски бір-бір голдан соқты. Словакиялықтар қатарынан Петер Цегларик қана шайбаны торда тулата алды.

Финляндия мен Чехия арасындағы бәсекенің тағдырын екінші кезеңде Суоми елінің сұрмергені Йере Иннала соққан жалғыз гол шешті – 1:0.

Германия мен Швейцария арасындағы кездесуде жеңімпаз команда буллит соғу барысында анықталды. Бұл ретте немістердің бағы жанды – 3:2. Канаданың хоккейшілері Ресей құрамасын овертаймда ұтты – 2:1.

Жартылай финалдық бәсекелер 5 маусымда өтеді. Бұл кездесулерде АҚШ пен Канада және Финляндия мен Германия күш сынасады.