Аймақтар • 04 Маусым, 2021

Атырау облысына шетелден 95 отбасы көшіп келді

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Атырау облысына шетелден қоныс аударған этникалық қазақтың саны артты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысына шетелден 95 отбасы көшіп келді

Былтыр 50-ге жуық, ал, биыл 95 отбасы көшіп келді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының мәліметінше, бұл отбасыларда 133 этникалық қазақ бар.

«Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мақсатымен көшіп келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды. Оның ішінде Өзбекстан Республикасынан – 124 (88 отбасы), Қытай Халық Республикасынан 7 (5 отбасы) және Ресей Федерациясынан 2 адам (2 отбасы) бар. Олардың арасынан 116 мүшесі бар 81 отбасы Атырау қаласына, 12 отбасының 15 адамы Жылыой ауданына, ал, Мақат ауданына 2 отбасы (2 адам) коныстанды», деп хабарлады басқарма мамандары.