Спорт • 04 Маусым, 2021

Назым Қызайбай Азия Чемпионатында жеңілген боксшылар Олимпиадаға жолдама алғанын айтты

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Дубайда өткен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер командасы жалпы есепте көш бастады. Алтынан алқа таққан үздіктердің бірі Назым Қызайбай Алматы  телеарнасына берген сұхбатында бірқатар мәселені айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Назым Қызайбай Азия Чемпионатында жеңілген боксшылар Олимпиадаға жолдама алғанын айтты

Азия чемпионатында бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сегіз алтын иеленіп, жалпы есепте көш бастады. Осы орайда Назым Қызайбай чемпионатқа аса тыңғылықты дайындықпен келгенін айтты.

«Азия чемпионатына дайындық өте жақсы болды. Әр жарысқа тыңғылықты дайындаламыз. Бұл жолы өте жақсы нәтиже көрсеттік. Командалық есепте 1 орын алғанымызға қуаныштымын. Әрине, әр жарысқа жеңсек деген оймен барамыз. Командадағы қыздар да, мен де осы жарысқа бар ықыласымызбен дайындалдық: жаттығуларды үзбей жасадық, психологиялық тұрғыдан да жұмыстар жүргізілді. Осыған дейін көп еңбек етсек те, кей жарыстарда жолым болмай, жүлделі орындар ала алмадым. Сол себепті осы жарыста бар күш-жігерімді салдым. Ең әуелі бапкеріме, сондай-ақ бізбен бірге жұмыс істеген психолог, дәрігер сияқты мамандарға рақметімді айтамын», деді ол.

Дегенмен, Назым Қызайбай Олимпиадаға жолдама ала алмай жатқанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, іріктеуге басқа боксшы қыз барған, бірақ жеңіліп қалған екен. 

«Іріктеуге мені жібермеді. Егер барсам, жолдама алар едім деп ойлаймын. Азия чемпионатында менен жеңілген спортшылар Олимпиадаға жолдама алды. Ал біздің Олимпиадаға барып-бармайтынымыз әзірге белгісіз болып жатыр, дейді Н.Қызайбай.