Оқиға • 04 Маусым, 2021

Қазақстан мен Түркия ақпарат және қоғамдық даму салалары бойынша стратегиялық сессиялар өткізді

234 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін онлайн форматта өткен Қазақстан мен Түркияның бірлескен стратегиялық сессияларының іс-шаралары мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Түркия ақпарат және қоғамдық даму салалары бойынша стратегиялық сессиялар өткізді

Жиындар барысында ақпарат пен этнос аралық қатынастарды дамыту салалары бойынша тәжірибе алмасу сұрақтарына қатысты нәтижелі талқылаулар өтті. ҚР АҚДМ өкілдері Қазақстан мен Түркияны өзара достық қарым-қатынастар байланыстырып отырғанын және екі ел арасындағы достыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше мән беретінін атап өтті.

Атап айтсақ, тараптар жалған ақпаратпен күрес, медиасала мамандарын оқыту аспектілері бойынша серіктестік құру қажеттілігі туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия кіретін ТүркіКеңесі министрлерінің диаспора мәселелерібойынша 4-ші отырысын өткізуге қатысты пікіралмасты.

Жалпы, екі күнге созылған мазмұндыбағдарлама Министрлік жұмысының 6 бағыты бойынша 4 тақырыптық стратегиялық сессияларды қамтыды. Олардың аясында Қазақстан мен Түркия өкілдері азаматтық қоғамды дамыту, жастар саясаты, ақпарат және БАҚ, діни қызметті реттеу, этносаралық қатынастарды дамыту салаларынқамтитын кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Қазақстан тарапынан ҚР АҚДМ құрылымдық бөлімшелері, атап айтқанда, азаматтық қоғам істері, ақпарат, жастар және отбасы істері, этнос аралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттер, БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Ұлттық еріктілер желісі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, «Отандастар» қоры қатысты.

Түркия тарапынан Түркия Республикасы Президенті Әкімшілігінің қоғаммен байланыс жөніндегі Бас басқармасы, Жастар және спорт министрлігі, Дін істері басқармасы, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) бағдарламасының Үйлестіру кеңсесі, Түркияның ірі БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы сәуірдеАида Балаеваның басшылығымен болған қазақстандық делегацияның Түркияға жұмыссапары аясы мен Түркия Президенті Әкімшілігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасының басшысы Фахреттин Алтунмен, Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоғлумен және дін істері басқармасының төрағасы Али Ербашпен өткен іскерлік кездесулердің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдықдаму министрлігінің жетекшілік ететін салаларыбойынша Түркия Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлескен стратегиялық сессиялар өткізу туралы келісімге қол жеткізген еді.