Бұл оқиға туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Рөлде жас баланың отырғанын көруге болады. Қасындағы ер адам балаға «Тоқтама, жылдамдықты арттыр» деп кеңес беріп отыр. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтату үшін дөңгелегіне оқ атқан. Себебі полициядан қашқан транспорт өзгелердің өміріне қауіп төндірген. Кейін анықталғандай, көлікті 14 жастағы бала басқарған. Қасындағы ер адам 35 жастағы әкесі мас күйде болыпты. Оның үстінен әкімшілік іс қозғалды.
Қостанай облысының Арқалық қаласында полицейлер джип көлігін тоқтату үшін қару қолданды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше