Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери тікұшақ апатты жағдайда қонды.
Ноокат жалпыдәрігерлік практика орталығы директорының орынбасары Ертабылды Көккөзовтың жедел мәліметтері бойынша, Ош облысы Ноокат ауданының Кичи-алай мекенінде тікұшақпен болған оқиға салдарынан адамдар зардап шекті.
«Оқиға орнына үш жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді. Зардап шеккендер стационарларға түскен кезде қосымша ақпарат беріледі», деп жазады Кабар.