«Н.Назарбаев Халықаралық әуежайында «Scat» авиакомпаниясының «Нұр-Сұлтан – Атырау» бағытындағы 765-ші рейсі кешігуде. Кесте бойынша сағат 13.55-те ұшып шығуы тиіс болатын. Алдымен сағат 18.00, кейін 19.30-ға дейін шегерілді. Енді түнгі сағат 00.00-ге дейін кешігетіні хабарланады. Ұшақтың кешігу себебі – әуе кемесінің ақауы.
Сондай-ақ мәлім етілгендей, «Scat» әуе компаниясының «Нұр-Сұлтан – Ақтөбе» бағытындағы тағы бір рейсі ұшып шығу кестесінен ауытқыған. «Себеп – әуе кемесінің кешігіп келуі», деді Әнуар Шәлекенов.
«Scat» авиакомпаниясының «Нұр-Сұлтан – Атырау» бағытындағы ұшағынан ақау шықты. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Президент • Бүгін, 00:42
Экономикалық трансформация: Елде 17 ірі жоба ашылып, 25 мың адамды жұмыспен қамтиды
Экономика • Бүгін, 00:15
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Спорт • Кеше
Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылды
Төтенше жағдай • Кеше
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Кеше