Спорт • 04 Маусым, 2021

Каратэшілер Парижде өнер көрсетеді

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-13 маусым аралығында Парижде каратэден халықаралық турнир өтеді. Бұл жарыста Токио Олимпиадасының соңғы жолдамалары сарапқа салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каратэшілер Парижде өнер көрсетеді

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының сапында жеті спортшы өнер көрсетеді. Ерлер арасында Нұрқанат Әжіханов (75 кило) пен Данияр Юлдашев (+75 кило) күш сынасса, әйелдер сайысында Мөлдір Жаңбырбай (55 кило), Сабина Захарова (61 кило) және Софья Берульцева (+61 кило) шеберлік байқасады. Ал катадан  Мәди Кәтешов пен Лия Кошкарбаеваның өнерін тамашалаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, әзірге Қазақстанның каратэшілерінің қоржынында бір ғана Олимпиада лицензиясы бар. Оның иегері – 67 кило салмақта өнер көрсететін Дархан Асаділов.