Спорт • 05 Маусым, 2021

Арман Әшімов 22 маусымда айқасады

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біраз уақытқа созылған үзілістен соң қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов айқас алаңына қайта оралғалы отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арман Әшімов 22 маусымда айқасады

Әуелде кикбокспен айналысып, әлем кубогы жолындағы жарыста қола медальді иеленген Арман 2014 жылдан бері араласы жекпе-жекпен шұғылдануда. Сол аралықта 14 кездесу өткізген ол 11 рет жеңіске жетіп, жеті қарсыласын нокаутқа жіберді. Үш мәрте ұтылып, тағы бір бәсекеде тең есеп тіркелді. Соңғы рет Әшімов бразильца Флавио Да Силва Сантосқа сан соқтырды.

Қандасымыз 22 маусымда Молдовы Михаил Сирбуамен күш сынасады. Оның спорттың бұл түрімен айналысқанына 10 жылға жуықтап қалды. Сол кезден бері 18 жекпе-жек өткізген Молдова спортшысы 12 рет жеңіске жетіп, 8 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. 2012 жылы Сируба біздің Арман Оспановпен кездесіп, қандасымыздан оңбай таяқ жеген болатын.

Соңғы жаңалықтар