Оқиға • 05 Маусым, 2021

Оралда көпқабатты үйден өрт шықты

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 40-қа жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда көпқабатты үйден өрт шықты

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 5 маусым күні сағат 03.49-да Ружейников көшесі 9-мекенжайда орналасқан бес қабатты үйде болды. Екінші қабаттағы №35, №38, №39 пәтерлер жанды.

Оқиға орнынан ТЖ департаментінің күшімен 5 адам құтқарылды. Оған қоса 39 адам эвакуацияланса, соның 19-ы – бала. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. «Тілсіз жау» сағат 05.10-да толықтай ауыздықталды. Оны сөндіруге 35 қызметкер 12 техника жұмылдырылды.