Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 28 мамырдағы шешіміне сәйкес Қазақстан мен Польша арасындағы тұрақты әуе қатынасы қайта қалпына келтіріледі.
«10 маусымнан бастап Варшава және Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы рейстер аптасына 1 рет жиілігімен «LOT Polish Airlines« поляк әуе компаниясымен қайта жаңғыртылады деп жоспарланып отыр.
Варшава – Нұр-Сұлтан – Варшава алғашқы рейсі осы жылдың 10 маусымында орындалады.
Бұдан әрі екі мемлекеттің астаналары арасындағы рейстер дүйсенбі сайын B – 737 типті әуе кемесінде орындалатын болады», делінген хабарламада. Қазақстан мен Польша арасындағы рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты болады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жасалады.