Туризм • 05 Маусым, 2021

Алматы тауларына баратын бағыттар абаттандырылады

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тауларының кейбір бағытында арнайы лашықтар салынады. Оның ішінде интернет тегін болады және «дабыл» түймелерімен жабдықталады, деп хабарлайды

Алматы тауларына баратын бағыттар абаттандырылады

Лашықтардан әрбір адам дәрі қорабын, көрпе, мобильді құрылғыға арналған қуаттау құрылғысын, маршрут картасы мен азық-түлік таба алады. Қазір Қазақстан тауларының негізгі бағыттары пысықталуда және жаңашылдықтар енгізілуде:

Алматы шатқалдарында құтқарушылар жасағының тәулік бойы патрулі болады;

Түйік-су шатқалында тікұшақ алаңы бұзылады;

QR-кодтары бар навигациялық стендтер орнатылды, олар арқылы бағыттың жұрыс-бұрыстығын (өту уақыты, оның күрделілігі мен ұзақтығы) анықтауға болады ;

Көптеген бағыт цифрландырылған, абаттандырылған және ақпараттық стендтермен, орындықтармен жабдықталған.

Сонымен қатар, туристердің қауіпсіздігі үшін Төтенше жағдайлар департаментінің базасына қосылған бірыңғай навигация жүйесі құрылуда. Ол TAU Go мобильді навигаторының қосымшасы түрінде ұсынылады.