Парламент • 05 Маусым, 2021

Мәулен Әшімбаев Өзбекстан Олий Мәжілісі Заң шығару Палатасының спикерімен кездесті

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Өзбекстанға ресми сапары аясында осы елдің Олий Мәжілісі Заң шығару Палатасының төрағасы Нурдинжон Исмоиловпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев Өзбекстан Олий Мәжілісі Заң шығару Палатасының спикерімен кездесті
Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға Парламент депутаттарының ықпалын және туризм, цифрлық технология салаларында бірлесіп әрекет ету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, депутаттардың назарын қажет ететін өзекті проблемалар да көтерілді. Сондай түйткілдердің бірі трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мәселесі.

«Қазіргі таңда трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мәселесінде белсенді ынтымақтастық орнады. Су қатынастары саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Жол картасы іске асырылып жатыр. Бұл бағыттағы өзара байланыста Трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару, қолдану және сақтау туралы келісімді келісу жұмыстарын аяқтаудың маңызы зор», деді Мәулен Әшімбаев. Палата спикерлері халықаралық аренадағы парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін де сөз етті.

Біз үшін халықаралық ұйымдарда бір-бірімізді қолдап, келісіп әрекет ету мәселесі де маңызды. ЕҚЫҰ, ПАО және басқа да алаңдар аясында осындай қағиданы қолданудың әсері мол деп есептейміз», деді Қазақстан Сенатының төрағасы. Іс-шара соңында сұхбаттасушылар қос мемлекеттің барлық саладағы сенімді және белсенді диалогы алдағы уақытта да екіжақты қатынастардың дәйекті дамуына серпін беретінін атап өтті. 

Сонымен қатар бүгін Мәулен Әшімбаев Ташкент қаласындағы «Технопарк» өнеркәсіптік кәсіпорындар тобының қызметімен танысты. Бұл жерде өнеркәсіптік өнімдер шығаратын ондаған компания жұмыс істейді.