Әлем • 06 Маусым, 2021

Грузияда шектеу шаралары жеңілдеді

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті билік қоғамдық тамақтану орындарының ашылуына рұқсат берді, деп хабарлайды Egemen.kzEgemen.kz.

Грузияда шектеу шаралары жеңілдеді

Ал коменданттық сағаттың уақыты кешкі 9-дан емес, 11-ден басталатын болды. Сонымен қатар, демалыс күндері ғимарат ішіндегі мейрамханалар  да кәсібін дөңгелете береді. Бұған дейін олардың жұмысына тыйым салынған еді.

Аймаққа келген туристердің де саны артып келе жатқаны байқалады. Жергілікті кәсіпкерлер бұған дән риза. Аспазшылар мен сала қызметкерлері де сүйікті жұмысына білек сыбана кірісіп жатыр. Бірақ меймандардың қарасы әлі де аз. Десе де мейрамхана иелері жағдайдың оңалатынына үмітті. Таяуда жергілікті билік аймақтағы коменданттық сағат уақытын қысқартқан еді.

Алайда пандемияға дейінгі жағдайға оралу үшін әлі ерте деген пікір айтады кәсіпкерлер.