Аймақтар • 07 Маусым, 2021

Орал қаласында спорт және ойын алаңдары көбейді

746 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында биыл жыл соңына дейін 20 спорттық және ойын алаңы ашылады.

 

Орал қаласында спорт және ойын алаңдары көбейді

Жақында Орал қаласының үш ау­данында спорттық және бала­лар­ға арналған ойын алаңдары пайда­лануға берілді. Балаларды қорғау күні аясында ашылған бұл нысандар қала балалары үшін үлкен сый болғаны анық.

– Қаламызда көпқабатты үй­­лер­дің аулаларын жаңар­ту, әсіресе бала­лар мен жас­өс­пі­рімдердің ойыны мен жат­ты­­ғулар жүргізуіне қо­лайлы жағ­дай жасау бағытында көп жұмыс жасалып жатыр. Жыл ая­­ғына дейін тағы 16 алаң­ды пай­­далануға береміз. Бұл алаң­дар­­дың құрылысын қалалық құ­ры­лыс бө­лімінің тапсырысы­мен «Жайық Сити» мекемесі атқа­руда, – дейді Орал қалалық спорт бөлімінің басшысы Артур Шер­ғалиев.

Жастар мен балалардың қуаны­шын бөлісуге Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, мәслихат депутаттары қатысты. Айта кетейік, жаңадан ашылған алаңдарда ең кішкентай бүлдіршіндерге ар­налған ойын кешенінен бастап, жас­өспірімдер мен ересектердің спортпен айналысуына қажетті құ­рылғының бәрі бар.

Қазірдің өзінде Батыс Қа­зақ­стан облысының орта­лы­ғын­да 60-тан астам спорттық алаң ха­лыққа қыз­мет көрсетіп тұр. Соның 50-і – «Орал» спорт клу­бы­ның қарамағында. Спорт алаң­дары, қысқы және жазғы ойын қораптары аудандар мен ауылдарда да жаппай ашылып жатыр. Бұл халықты, әсіресе жастарды са­ламатты өмір сүруге, спортқа бау­луға әсер етеді.

 

Батыс Қазақстан  облысы