Әлем • 07 Маусым, 2021

3 жастан асқан балаларға вакцина салуға рұқсат етілді

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай 3 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға COVID-19-ға қарсы Sinovac Biotech вакцинасын қолдануды мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

3 жастан асқан балаларға вакцина салуға рұқсат етілді

Sinovac фармацевтика компаниясының басшысы Инь Вайдунның айтуынша, егде жастағы адамдармен салыстырғанда кәмелетке толмаған балалардың коронавирусқа қарсы вакцинацияға басымдығы төмен.

Сонымен қатар клиникалық сынақтарға 17 жасқа дейінгі 500-ден аса бала қатысқан. Олар вакцинаның кіші және орташа дозасын алды. I және II фазаның алдын ала нәтижесі 3 жастан 17 жасқа дейінгі вакцина алушы балаларда иммундық реакция тудыруы мүмкін екенін көрсеткен, ал жағымсыз реакцияның көбі жеңіл түрде өтеді.

Инь Вайдун жас топтар үшін Sinovac вакцинасын енгізу мерзімі Денсаулық сақтау органдары қабылдаған Қытайдың вакцинация стратегиясына байланысты екенін айтты.

Бұрын Sinovac Sinopharm-нан кейін ДДҰ мақұлдаған екінші Қытай вакцинасы болған еді. Sinovac препаратының бірінші партиясы Алматыға 1 маусымда келген болатын. Қазақстан өңірлеріне коронавирусқа қарсы төртінші вакцинаны жеткізу 12 маусымнан кейін басталады.