Әлем • 07 Маусым, 2021

Пәкістанда жолаушылар мінген фургон құзға құлап кетті

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанның солтүстік-батысында жолаушылар мінген фургон құзға құлап, 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пәкістанда жолаушылар мінген фургон құзға құлап кетті

Көлік Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы шатқалға құлап кеткен. Белгілі болғандай, жүргізуші жылдамдықты асырып, рөлге ие бола алмай қалған.

Апат салдарынан екі әйел, үш бала және үш ер адам қаза тапты.

Тағы үш жолаушы жарақат алған, олардың бірінің жағдайы ауыр.