Медицина • 07 Маусым, 2021

Medsupportkz: QazVac вакцинасын салдыруға кеңес бере алмаймыз

582 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Medsupportkz қауымдастығының ғалымдары мен дәрігерлері коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны алуға кеңес бере алмайтынын мәлімдеді,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Medsupportkz: QazVac вакцинасын салдыруға кеңес бере алмаймыз

«20 мамырда @healthcare.gov.kz ҚББ ҒЗИ бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары Ерғали Абдураимов қатысқан онлайн-дәріс өтті. Онда QazVac туралы қызық сұрақтарға жауап алдық. Дәріс барысында күмәндануға себеп болған бірнеше аспектілерді білдік. Олардың бірі – вирустың инактивация процесінде формальдегидті қолдану.

Формальдегидті вакциналарды өндіру үшін қолданудың үлкен тарихы бар. Ол тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті. Алайда оның кемшіліктері бар. Әрбір вирустың формальдегидпен инактивациясы мұқият зерттелуі тиіс және әрбір вирус үшін белгілі бір зертханалық хаттама әзірленеді. Дәріс барысында инактивация процесінің температурасы, концентрациясы және ұзақтығы, вирусты тазарту және өсіру туралы сұрағанда, ешқандай ақпарат алған жоқпыз», дейді қауымдастықтың ғалымдары.

Олардың айтуынша, формальдегид - нуклеин қышқылдарымен әрекеттесетін зат. Оның кемшілігі – ол вирустың қабығындағы ақуызды да өзгертеді - S-ақуыз. Вирустың мұндай өзгерістері иммундық жауап беру тиімділігіне әсер етуі мүмкін.

«Мысалы, зерттеулерде тиімділігін көрсеткен коронавирусқа қарсы вакцина өндірісінде формальдегидті қолданбаған. Біз формальдегид пен коронавирустың өзара әрекеттесуі туралы ғылыми әдебиеттерді іздедік, бірақ мәлімет жеткіліксіз. Бізде қазақстандық ғалымдардың да, халықаралық дереккөздердің де дерегі жоқ.

Біз бірнеше ай бойы әзірлеушілерді QazVac сынақтарының клиникалық кезеңдері бойынша деректер жариялауға шақырдық. Біз әрқашан отандық ғылымды қолдаймыз, алайда ғалым, дәрігер бола тұра статистикалық мәліметтердің толық болмауы, өндіріс процесі туралы ақпаратты ашудан бас тарту және қоғамда таралған басқа да ақпарат бізге осы вакцина туралы ғылыми ақпарат берілгенге дейін QazVac вакцинасын жаппай қолдануға кеңес бермейміз», деді қауымдастық ғалымдары.