Спорт • 07 Маусым, 2021

Бүгін Елдос Жұмаханов пен Нұрсұлу Ералиева күреседі

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін дзюдодан Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер 66 кило және әйелдер 52 кило салмақ дәрежелерінің жүлделерін сарапқа салады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Елдос Жұмаханов пен Нұрсұлу Ералиева күреседі

Ерлер сайысында ел намысын Елдос Жұмаханов қорғайды. 2015-2019 жылдар аралығында Азия чемпионатында төрт мәрте жүлдегерлер санатынан көрінген қандасымыз бұл күндері әлемдік рейтингте 13-орында тұр. Өзінің алғашқы кездесуін ол Адриан Гамбочқа қарсы өткізеді. 26 жастағы Словенияның спортшысы 2017 жылы Еуропа біріншілігінде күміс медальді иеленсе, 2018 жылы бас жүлдені олжалады. 2016 жылы Рио Олимпиадасында ол қола медаль үшін бәсекеде өзбекстандық Ришод Собировтан ұтылып, бесінші орынға табан тіреген еді. Қазіргі кезде Гамбоч үздіктер тізімінде 25-сатыға жайғасты. Осы кездесудің жеңімпазы филиппиндік Накано Шуген мен аустралиялық Натан Катц арасындағы белдесуде бағы жанған балуанмен күш сынасады.

Әйелдер бәсекесінде Нұрсұлу Ералиеваға сенім артамыз. Келесі кезеңде қазақ қызы Олимпия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа ойындарының жеңімпазы, құрлық чемпионы бельгиялық Шарлин ван Сникпен шеберлік байқасады.