Парламент • 07 Маусым, 2021

Сенаторлар инклюзивті білім беру бойынша заң жобаларын қарайды

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды, онда депутаттар Сенаттың 2021 жылғы 10 маусымға жоспарланған отырысының күн тәртібін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар инклюзивті білім беру бойынша заң жобаларын қарайды

Алдағы отырыстың күн тәртібіне Парламент депутаттары бастамашылық еткен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы енгізілді.

Осы заң қабылданғаннан кейін ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытатын ұйымдар білім беру бағдарламасын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке даму ерекшеліктеріне және әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес бейімдеуі тиіс болады.

Құжат сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте анықтау және оларға ерте арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында мекемеаралық өзара іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік береді.

Сенаторлар сондай-ақ Палатаның келесі отырысында Парламент депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайды.

Құжат халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, әлеуметтік проблемаларды шешуге кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуын қолдауға және әлеуметтік кәсіпкерлердің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін нарықта ілгерілетуге бағытталған.

Сенат сонымен қатар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын және «Байқоңыр» кешенінің қызметіне байланысты ратификациялық заң жобаларының топтамасын қарауы тиіс.