Қазақстан • 07 Маусым, 2021

Жансая Әбдімәлік Ресейде өтетін әлем чемпионатына қатысады

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы шахматшының өзі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жансая Әбдімәлік Ресейде өтетін әлем чемпионатына қатысады

«Әрине, мен өте қатты қуандым. Өйткені бұл жетістікке ұзақ дайындалған едік. Ерлер арасындағы гроссмейстерлік нормамды соңғы рет 2018 жылы орындаған болатынмын. Пандемия басталғаннан кейін көп уақыт бойы ойнаудың сәті түспеді. Осындай чемпионатқа барып, әлемнің 11 шахматшы қызымен ойнай отырып, сәтті өнер керсетудің әсері бөлек», деді Жансая Әбдімәлік.

Сондай-ақ ол Ресейде нокуат-жүйе бойынша өтетін турнирге қатысатынын мәлім етті.

«Келесі турнирге келсек, нокаут-жүйе (плей-офф) ред.) бойынша өтетін Әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отырмын. Ол турнир шілде айында Ресейдің Сочи қаласында өтеді», деді гроссмейстер.