Тағайындау • 07 Маусым, 2021

СҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

4472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Сәтжан Аблалиев СҚО әкімінің құрылыс, көлік және автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Сәтжан Аблалиев 1970 жылы туған.

Алматы автомобиль-жол институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша және Қазақ қатынас жолдары университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

1987 жылы еңбек жолын Оңтүстік-Ембі мұнай барлау экспедициясының инженер-техникалық қызметінің оператор-коллектор қызметінен бастаған.

Осы тағайындауға дейін Сәтжан Әйтенұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.⠀