Білім • 08 Маусым, 2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – еліміздегі жетекші оқу орны

1408 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев онлайн режімде брифинг өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – еліміздегі жетекші оқу орны

Еліміздегі жетекші университеттің 2020-2022 жылдардағы басты нәтиже­ле­рі, жетістіктері және алдағы даму жос­па­ры­мен таныстырған ректор Ж.Түй­ме­баев «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – әлем­де­гі 200-топ үздік ЖОО қа­тарына енген Қа­зақ­стан мен Орта­лық Азиядағы бірден-бір уни­вер­си­тет», деп атап өтті. Бүгінде бі­лім­­­нің қара шаңырағы QS жаһан­дық рей-­­
тинг­­­­­­те 165-орында тұрса, ұлттық рей­тин­г­­­терде де көш басында келеді. Ректор атап өткендей, осы орайда білім және ғы­­лым саласындағы орны айрықша оқу орны­ның 2021-2025 жылдарға арнал­ған негізгі басымдықтары кеңінен тал­қыланып, елі­міздегі стратегиялық мін­деттерді шешуге, әрі қарай дамытуға
бай­­ланысты кешенді жобалар жүзеге асуда.

Университет мемлекеттік және ха­лық­аралық стратегиялық міндеттерді ше­шуде айтарлықтай әлеуетке ие. Алыс және жақын шетелдердің жетек­ші уни­верситеттерімен бірлесіп әзір­ленген 500-ден астам білім беру бағдарла­ма­ларының маңызы зор.

Бүгінде іске асып жатқан жобалардың жалпы бюджеті 7,7 млрд теңгеден асады. Ғылыми мақалалар бойынша көшбас­­шы оқу орнының рей­тингтік басылым­­дар­дағы әрбір бесінші қазақстандық жа­рия­ланымы ҚазҰУ ға­лымдарына тие­сілі дейтін болсақ, был­тыр университет­тің беделді Web of Scinece деректер қо­ры­ның «Ғылым көш­бас­шысы» сый­лы­ғы­ның үш аталымына ие болғанын зор мақ­танышпен атап өту­ге болады.

ҚазҰУ ғалымдары COVID-19 інде­тінің алдын алуға бағытталған жобаларға да белсенді атсалысып келеді. Орталық Азия өңіріндегі алғашқы өкілдік болып табылатын британдық AVEVA Group plc компаниясымен бірлескен Инженерлік жобалау орталығының құ­ры­луы да университет мамандарымен жүзеге асқан нәтижелі жобалардың бі­регейі. Бүгінде жаһандық трендтерді ескере отырып қол­ға алынған жаңа бағ­дарламалар қа­тарында нейроғылым, креативті индус­трия, цифрлы эконо­мика, экология­лық инжиниринг, медиакоммуникация, де­ректер туралы ғылым, цифрлы мұ­ра­ғаттану және құжаттану, басқарудың ин­тел­лектуалды жүйелер, наноматериалдар және нанохимия бар.

Студенттерге әлеуметтік қолдау – оқу орнындағы басты басымдықтардың бірі. Қазіргі таңда бір мыңнан астам әлеуметтік осал санаттағы оқу озаттары мен жақсы оқитын студенттердің оқу ақысына 10-нан 25 пайызға дейін жеңіл­дік қарастырылып отыр. 50-ден астам ұйымдар мен компаниялар демеушілер қатарында аталады. Кадрлық әлеуетті дамыту мақсатында биылғы жылдың наурыз айынан бастап оқытушылар мен қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға өскен. Оқытушылардың мәртебесі және оқу орнының дамуына қосқан үлесін арттырумен қатар олардың халықаралық қауымдастыққа енуіне де айрықша көңіл бөлінген.

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Білім және ғылым министрлігі жыл сайын 500 қазақстандық ғалым шетелдік тағылымдамадан өтетін бо­лады. Осы орайда университетке халық­аралық деңгейдегі ғалымдар, АҚШ және Еуропаның жоғары оқу орындарын­да, оның ішінде Кембриджде сабақ беру тәжірибесі бар Уалбай Өмірбаев және Базбек Дәулетов сынды профессор­лар тартылғандығын ерекше атап өтуге болады. Университеттің 400-ден астам оқытушысы «ЖОО-ның үздік оқы­тушысы» грантының иегері атанса, бұл елдегі гранттар жалпы санының 20 па­йызын құрайды.

Қазіргі уақытта университет мамандары карантиндік шараларды ескере ­отырып, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы­на арналған ауқымды республикалық және халықаралық іс-шараларды өткізіп ке­леді. Жақында көрнекті ақын Олжас Сүлей­меновтің 85 жылдық мерейтойы­на арналған халықаралық онлайн-кон­ференция ұйымдастырылса, Саяси қу­ғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арнап «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі қа­лыптасуының саяси-құқықтық және эко­­номикалық мәселелері: тарих және қа­­зіргі заман» тақырыбында халық­ара­лық ғылыми-тәжірибелік конферен­ция өткізді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Елбасы саябағы» ашылып, Тұң­­ғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың құрметіне бой түзеген же­міс бағында 300-ге жуық алма, шие, өрік ағаштары отырғызылды. Ал Ұлыстың ұлы күні қалашықта «Ағаштар аллеясы» ашылып, онда ұжым болып 300-ден астам қырым қарағайы мен алтай шыршасын отырғызып, ғылым қызметкерлері күніне орай Сиверс алмасының 100-ге жуық көшеті егілген баққа «Ғалымдар бағы» атауы берілді.

Осылайша, білім мен ғылымды ұштас­тырып отырған білім ордасы алдағы уақытта да сапалы білім мен тәрбие беру бағытындағы маңызды да мазмұнды жобаларын жүзеге асыра беретін болады.

 

АЛМАТЫ