Медицина • 08 Маусым, 2021

Ерекше операция жасалды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 қалалық көпбейінді ауру­хана дәрігерлері ерекше ота жасап, жұтқыншақтың қатерсіз өскінін алып тастады.

Ерекше операция жасалды

Құны 4,7 млн теңгені құ­райтын ота міндетті әлеу­­меттік медициналық сақ­тандыру (МӘМС) жүйесі ая­сында жасалды.

Пациент мазасы кетіп, алты ай бойы ауырған. Ауру­ханаға жатқанға дейін қай­та-қайта мұрны қанап, жұт­қыншағында бөгде зат тұр­ғандай сезінген. Ол жағ­дайын айтып, №1 қалалық көп­бейінді ауруханаға жү­гінеді. Бұл аурухананың дәрі­герлері науқасты жан-жақ­ты қарап, ота жасау туралы ұйғарымға келеді.

Содан заманауи жаб­дықтар мен білікті маман­дардың арқасында ота сәтті өтті. Пациент ауруханадан жа­зылып шықты.

Орта, техникалық және кә­сіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйым­­­­дарында, сондай-ақ жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күн­дізгі оқу бөлімінде білім алу­шылар МӘМС жүйесінде мем­лекет тарапынан сақ­тан­­дырылған жеңілдік сана­тын­дағы азаматтар қа­тарына жата­тындықтан, пациентке құ­ны қымбат тұ­ратын ота тегін жасалды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының мәліметі бо­йынша осы жылдың 1 тоқ­санында астана клиникаларында МӘМС аясында 3 млрд 76 млн теңге сомасына 1 234 жоғарытехнологиялық медициналық қызмет (құны қымбат оталар) жасалды. Оның 1 198-і (97%) жоспарлы түрде, 36-сы (3%) шұғыл жа­салды.