Спорт • 08 Маусым, 2021

Әлем кубогының жүлдегері атанды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық спортшылар Ита­лияның Брешиа қаласында өтіп жат­қан батуттағы гимнастикадан кезекті Әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды.

Әлем кубогының жүлдегері атанды

Кубоктың кезекті күнінде жарыс жолына шыққан отандық гимнастар Данил Мұсабаев пен Роман Барков синхронды секіруде турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ал бір күн бұрынғы жекелей сында Данил Мұсабаев 13-ші, Роман Барков 17-ші орыннан көрініп, финалдан тыс қалған болатын.

Айта кетейік, былтыр Әзербайжан астанасы – Бакуде ұйымдастырылған Әлем кубогында Данил Мұсабаев Пирмаммад Алиевпен бірге жұптық сында қола медаль жеңіп алған болатын.