Спорт • 08 Маусым, 2021

Қазақстандық файтер Дубайда жекпе-жек өткізеді

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық файтер Андрей Бибиков муайтайдан Дубайда өтетін турнирге қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық файтер Дубайда жекпе-жек өткізеді

BKK (Bare Knuckle Kombat) промоутерлік компаниясы Дубайда мауайтайдан турнир өткізеді. Бұл турнирге қазақстандық Андрей Бибиков қатысады, оның қарсыласы алжирлік Билал Шариф болады.

Айта кетейік, Бибиков бұған дейін рингке ақпанда Алматыда өткен Bushido-да шығып, нокаутпен жеңген.