Аймақтар • 08 Маусым, 2021

«Бірге – таза Қазақстан» акциясы аясында 37 мың тоннадан астам қоқыс жиналды

138 рет көрсетілді

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу қарсаңында «Бірге – таза Қазақстан» акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен ұйымдастырылған іс-шарада еліміздің бүкіл облысының 150 мыңнан астам тұрғындары қатысты. Олардың арасында көптеген ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, қоғамның өкілдері, сондай-ақ 25 мыңнан жоғары экобелсенділер мен волонтерлер бар.  Бірлескен күш-жігермен республиканың 492 локациясы бойынша 37 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.
 
Елордада акция өткізуге арналған бірнеше алаң анықталды. Ең негізгілерінің бірі Алматы ауданындағы Нұра-Есіл каналының бойындағы учаске болды. Нұр-сұлтан қаласының бес мыңға жуық тұрғыны қоқыс тазалауға шығып, 540 тонна қоқысты өңдеуге жинады.
 
«Бірге Таза Қазақстан» акциясы алғаш рет 2019 жылы бастау алды. Акцияның барлық кезеңі ішінде оған еліміздің 650 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Тек үш жылдың ішінде 400 мың тоннадан астам қалдық жиналып, кәдеге жаратуға берілді. Сонымен қатар іс-шара аясында екі миллион ағаш отырғызылды.
 
Экологтардың кәсіби мерекесі жаздың алғашқы күндерінде тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де тойлануыны символикалық мәнге ие. Осыған байланысты биыл алғаш рет Нұр-сұлтан мен Орынбор арасында телекөпір өткізілді. Бірлескен диалогта осындай іс-шаралардың жаҺандылығы мен қажеттілігі туралы пікір алмасты. Көрші мемлекет біздің ортақ су қоймамыз болып табылатын Жайық өзенінің жағасын тазалау бойынша жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Умаров Ресей Федерациясындағы барлық қатысушылар мен әріптестеріне планета экологиясының жай-күйін бірлесіп реттеудегі түсініспеншіліктері пен ашықтығы үшін алғысын білді.
 
Бұндай қарым-қатынас болашақта жақсы дәстүрге айналуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Өйткені, осы секілді акцияларды өткізудің басты және жалпы мақсаты – жастарды экологиялық мәдениетке және қоршаған ортаға ұқыпты қараудағы көзқарастарын тәрбиелеу болып табылады. 
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз

Ұлттық спорт • Бүгін, 21:41

Алан алған 15-ші жүлде

Теннис • Бүгін, 21:36

Доллар бағамы төмендеді

Қаржы • Бүгін, 15:56

Ұқсас жаңалықтар