Елорда • 09 Маусым, 2021

Ashyq: Оқшаулау режимін бұзғандарға 87 мың теңге айыппұл салынады

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 маусымнан бастап оқшаулау режимін бұзған тұрғындарға 87 510 теңге айыппұл салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ashyq: Оқшаулау режимін бұзғандарға 87 мың теңге айыппұл салынады

«Ashyq» платформасының көмегімен анықталған өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушыларға әкімшілік жаза қарастырылған. Осылайша бұл жүйелер «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық нысандарға барғанда «қызыл» мәртебесі бар адамдардың тіркелу фактісін растайды. Яғни карантиндегі науқас адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы ҚР ӘҚБтК-нің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жаза шараларын қолдануға себеп болады», деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, тұрғын өзінің жұқтырылған мәртебесі туралы біле тұра, оқшаулау режимін бұзса және айналасындағыларға қасақана жұқтыру қаупін тудырса, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігімен оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. Бұл қағидалар 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енеді.

«Қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар тұрғындар мегаполистің қоғамдық орындарында жүрсе, СOVID-19 тасымалдаушылары болып саналады, иммунитеті төмендерге, қарттар мен балаларға және басқаларына ауру жұқтырады. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласының «қызыл» аймақта болу кезеңін ұлғайтып, сырқаттанудың күнделікті өсуіне үлес қосады», дейді Сархат Бейсенова.