Қазақстан • 09 Маусым, 2021

Халық санағын жүргізуге 32 мың адам жұмылдырылады

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық санақты жүргізу жұмысына 32 мыңнан астам адам тартылады. Интервьюер қызметіне бастамашыл, жауапты және 18 жастан асқан Қазақстан азаматы үміткер бола алады, деп хабарлайды Egemen.kz

Халық санағын жүргізуге 32 мың адам жұмылдырылады

Уақытша санақ жүргізуші қызметкерлер жиналған дербес ақпаратты енгізуге арналған арнайы мобильді қосымшадағы планшетте жұмыс істейді.

Аралау кезінде интервьюерлердің өзімен бірге фотосуреті бар куәлігі болады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі Олжас Сайлаубекұлы айтты. Бұдан бөлек, оларды халық санағының символикасы бар көк түсті арнайы қоржынмен қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ұлттық санақты жүргізу жұмыстары 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі аралықта өтеді. Оған онлайн режимінде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысуға болады.