Қазақстан • 09 Маусым, 2021

«Қазақтелеком» желідегі ақаудың себебін түсіндірді

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақтелеком» компаниясы Қазақстандағы интернеттің ара-тұра дұрыс істемей тұрғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақтелеком» желідегі ақаудың себебін түсіндірді

Нұр-Сұлтан мен Ақтөбедегі екі техникалық жүйеде жөндеу жұмыстары жүргізілді, ал интернеттің ара-тұра дұрыс жұмыс істемей қалуы бүкіл Қазақстан бойынша байқалды.

«Сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларында ақау тіркелді, бұл мобильді интернет қызметтерін ұсынуда қысқа мерзімді ақаудың орын алуымен байлансты болды. Оны «Қазақтелеком» желісіндегі жабдықтардың жұмыс алгоритмдерін оңтайландырумен байланысты болды. Бұл процесс серверлік жабдықтың техникалық параметрлерін жақсартуға, сондай-ақ желінің сыйымдылығын кеңейтуге қатысты болды», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.