Аймақтар • 09 Маусым, 2021

Маңғыстауда 300-ге жуық кәсіпкер «Ashyq» жобасымен жұмыс істейді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының 300-ге жуық кәсіпкері «Ashyq» жобасының қатысушысы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда 300-ге жуық кәсіпкер «Ashyq» жобасымен жұмыс істейді

«Ashyq» жобасы Маңғыстау облысының аумағында 21 сәуірден бері жұмыс істеуде.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 320 кәсіпкер «Ashyq» жобасына қатысуға өтініш беріп, олардың 299-ы QR-кодтарды жүктеген. Тағы 58 нысан аталмыш жоба аясында тестілік режимде жұмыс істеп жатыр.

Жобаға қосылған нысандар кәсіпкерліктің барлық салаларын қамтиды.

Айта кетейік, бағдарлама енгізілген сәттен бастап өңірдегі «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда «сары» статусы бар 6 адам және «қызыл» статусы бар 17 адам анықталған.