Жаңа жобаның иесі 28 жастағы дизайнер Мин-Вук Пенг. «Үш көз» роботталған құрылғы смартфонға тәуелді адамдарға арналған. Оны пайдалану үшін камера маңдайға бекітіледі.
Экраннан көз алмайтын тұтынушыларды айналадағы заттардан, немесе адамдармен, ғимарат, көлік, бағандармен соқтығысып қалуынан сақтайды.
Механикалық көз тұтынушы смартфонына қараған сәтте ашылып жабылады және алдынан қандай да бір кедергі шықса құрылғы дыбыстық сигнал береді.
Бұл техниканың ерекшелігі – гироскопиялық сенсорында. Ол адам мойынының иілуін өлшесе, ультрадыбыстық сенсор көзбен қоршаған ортаның арасындағы қашықтықты көрсетеді.
«Бұл құрылғы адамзат үшін таптырмас дүние, көзімізді смартфоннан алмайтын болсақ болашақта бізге қосымша көз керек болады», дейді Мин-Вук Пенг.
Лондон императорлық колледжін тәмамдаған Мин-Вук өз гаджетін Сеулде сынақтан өткізген.
Жансая Мұратбек