Аймақтар • 10 Маусым, 2021

Есіл жағасында балаларға арналған ерекше алаң ашылады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Есіл өзенінің бойындағы саябақта балаларға арналған ерекше алаң ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Есіл жағасында балаларға арналған ерекше алаң ашылады

Ойын алаңы «Қалалық романс» тұрғын үй кешені жанында орналасады. Оның бірегейлігі – ойындарға арналған түрлі сценарий болады.

Сондай-ақ, алаңда құмсалғыш, сырғанақ, бақылау орны және өзге де түрлі ойын элементтері орнатылады. Балалар алаңының жалпы ауданы – екі мың шаршы метрден астам. Қалалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкеннің айтуынша балалар ойын аймағы биыл жазда ашылады. Ол түрлі жастағы балалардың бәріне арналған.

Ал бос уақытын таза ауада өткізгісі келетіндер үшін алаңның айналасында әткеншек мен орындық қою жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024