Қазақстан • 10 Маусым, 2021

Елімізде сәбіз тапшылығы болуы мүмкін – министр

762 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда сәбіз тапшылығы болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде сәбіз тапшылығы болуы мүмкін – министр

«Сәбіз бойынша картоптан да қиын жағдай қалыптасты. Қазіргі уақытта отандық өнім қоры жыл басымен салыстырғанда 5 есе төмендеді. Бұл ретте жыл сайын Қазақстанда сәбіз өндірісінің жетіспеушілігі байқалады, бұл қажеттіліктің 5-6 пайызы», деді Сауда министрі бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, негізгі тапшылық сәуірден шілдеге дейінгі кезеңге келеді, оны Қазақстан Өзбекстаннан қымбат импорт есебінен толтыруға мәжбүр.

«Бұл ретте Өзбекстанда да сәбіз бағасы жыл басынан бері 55%-дан астам өсті. Сәбіз бойынша өңірлер де қорлардың жеткілікті көлемін қалыптастырған жоқ – тұрақтандыру қорларында бар болғаны 258 тонна сақталуда. Сәбіз бойынша форвардтық сатып алу қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 5,7 мың тоннаны құрайды, оның 73%-ы тек Алматы қаласына тиесілі», дейді Бақыт Сұлтанов.