Мұхтар Құл-Мұхаммед әңгіме барысында Еуропалық Одақпен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті.
«Еуропалық Одақ біздің сенімді стратегиялық әріптесіміз болып табылады. Біз шын мәнінде сенімді қарым-қатынас орнаттық, біз бұны жоғары бағалаймыз», деді сенатор.
Қазақстан мен ЕО-ның экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси өзара іс-қимылы мәселелері жөнінде де тараптар пікір алмасты.
Мұхтар Құл-Мұхаммедтің пікірінше, парламентшілер арасындағы байланыстарды үдету саяси диалогтың маңызды бөлігіне айналуы ықтимал. Ол Қазақстан Парламенті «Қазақстан-ЕО» парламенттік ынтымақтастық комитеті аясында Еуропалық Парламентпен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.