Әлем • 10 Маусым, 2021

Түркия мен Қырғызстан ынтымақтастық туралы жеті келісімге қол қойды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құжаттарға Режеп Тайып Ердоған мен Садыр Жапаровтың қатысуымен қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия мен Қырғызстан ынтымақтастық туралы жеті келісімге қол қойды

Атап айтқанда, Анкара мен Бішкек «Өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге», «Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына», «Республика Үкіметі арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойды. Түркия мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кеңесі «Мәдениет орталықтарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы» және тағы да басқа келісімдер жасасты. 

Олардың қатарында жастар мәселелері мен спорт саласындағы ынтымақтастық та қамтылған.

Сондай-ақ өзге де маңызды жұмыстарды бірлесе отырып жүзеге асыруға арналған хаттамаға қол қойылды.