Тағайындау • 10 Маусым, 2021

Түркістанның бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

1710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы Аюпов Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары болып тағайындалды.

Түркістанның бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Аюпов Рашид Абатұлы 1981 жылы дүниеге келген.
Академиялық Инновациялық Университетінің заң факультетін бітірген, информатика және мемлекеттік басқару саласындағы бакалавр дәрежесі бар. 2015 жылы Лондондағы Queen Mary University университетінің мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2003 жылы бастады.
2006 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» мемлекеттік мекемесінде басшы қызметтерінде жұмыс атқарды.
2009 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2015 жылы Шымкент қаласының әкім аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2017 жылдан 2018 жылға дейін «Нұр Отан» партиясының өкілі ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметінде және «Nur Otan» ХДП Орталық аппаратының Ақпараттық-технологиялық орталығының меңгерушісі қызметін атқарды.
2018 жылдың 19 қыркүйегінен бастап Түркістан әкімі лауазымына тағайындалғанға дейін «Shymkent «ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы болды.