14 мамырда 46 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне ұялы телефонын жоғалтқанын хабарлады. Біреу оның ұялы телефонын пайдаланып, екі миллионнан астам теңгеге екі несие рәсімдеген.
Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
9 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындаған, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.