Технология • 10 Маусым, 2021

Денесіне чип орнатқан қырғызстандық тәжірибесімен бөлісті

2438 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бішкек тұрғыны Қырғызстандағы алғаш чиптелген адам атанды, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kg порталына сілтеме жасап.

Денесіне чип орнатқан қырғызстандық тәжірибесімен бөлісті

Ол өзінің атын атаудан бас тартты. Белгілі бір ортада өзін жақсы білетіндігін және қоғамдағы қате түсініктер мен алалаушылықтар таралып жатқанын ескере отырып, ол мұндай танымалдылыққа ие болғысы келмейтінін жеткізді.

«Чипті тері астына салу туралы ой маған екі жыл бұрын келді. Оны өзіммен ұзақ уақыт алып жүрдім, ақпанда ғана денеме енгізу туралы шешім қабылдадым. Біріншіден, бұл ыңғайлы әрі заманауи. Біз сандық технологияларды өте жиі қолданамыз. Қалтамызда үй, кеңсе есіктері мен лифтілердің кілт-карталары толып жүреді. Ал чип осындай қарапайым болса да қолайсыз мәселелерді жеңілдетіп береді. Екіншіден, биохакинг - әлемдегі танымал қозғалыс. Денеңізде чип болғандықтан, банк карталары сияқты заттарды алып жүрудің қажеті жоқ. Демек сізден ұрланатын заттар біршама азаяды» дейді ол.

Ер адам имплантацияланған чиптің ұзындығы 14 миллиметр, тәуелсіз жады мен кішкентай антеннасы бар құрылғы екенін айтты. Имплантацияға арналған чипі, шприці, зарарсыздандырылған құралдары мен материалдары бар жинаққа оның 89 доллар ақшасы жұмсалған.

ы

«Мендегі чип деректерді берудің екі стандартын қолдайды - NFC және RFID. Мен оны арнайы сайтқа тапсырыс беру арқылы істеттім», дейді ол.

Жас жігіт алдымен жеке клиниканың хирургына жүгінгенін, ол діни себептерге байланысты одан бас тартқанын айтты. Нәтижесінде ол пирсинг салонына баруға мәжбүр болған. Сонымен бірге, оның айтуынша, чиптерді өздігінен имплантациялайтындар дар бар.

Чип оның оң қолының бас бармақ пен сұқ саусағы аралығында орналасқан. Орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Қолдың бұл бөлігі құлаған кезде көп жарақттанбайды. Әлемдік тәжірибеде бұл чиптің стандартты орны.