Спорт • 10 Маусым, 2021

Қазақстандық актер ережесіз жекпе-жек турнирінде бақ сынайды

680 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кино актері Еркебұлан Тоқтар ережесіз жекпе-жек спортындағы алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық актер ережесіз жекпе-жек турнирінде бақ сынайды

25 жастағы Тоқтар 16 маусымда Алматыда өтетін OCTAGON 20 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы тағы бір дебютант, 33 жастағы Мұхтар Жұмағали болады. Жекпе-жек аралық салмақ дәрежесінде (72 келі) өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Дамир Төленов (6-0) өнер көрсетеді, қарсыласы қырғызстандық Арген Маликов (5-2) болады. Бұл жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы (56,7 келі) вакантты титул сарапқа салынады.

Сондай-ақ турнирде Руслан Серікпұлов, Самбет Найманбаев, Бекзат Алмахан, Рүстем Мұхатов және Әлішер Ғабдуллин секілді файтерлер өнер көрсетеді.

Айта кетейік, OCTAGON 20 турнирі 16 маусымда Алматыда өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25