Оқиға • 11 Маусым, 2021

Ақтауда жаппай төбелес болды

2422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда жаппай төбелес болды

Жаппай төбелес Ақтаудағы 28 шағын ауданында болған. Видеоны оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желілерде жариялады. Болған жағдайға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

ПД баспасөз қызметі мәліметі бойынша, 9 маусымда сағат 23:50-де 102 пультіне төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Шақыруға «Мираж-8» патрульдік полиция батальонының экипажы шықты. Тұрғындар тыныштығын бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», деді департамент өкілі.