Аймақтар • 11 Маусым, 2021

Жедел жәрдем басшылығы жеке қорғаныс құралдарын базарға сатқан

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем жұмысынан көптеген кемшіліктің табылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел жәрдем басшылығы жеке қорғаныс құралдарын базарға сатқан

Сәуір айында Алматы жедел жәрдемінің басшылығы жеке қорғаныс құралдарын қара базарға сатқаны туралы мәлімет шықты. Сол кезде Денсаулық сақтау басқармасы комиссиялық тексеру кейбір қызметкерлердің жұмысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтағанын және жедел жәрдемді Алматы прокуратурасы тексеретінін айтты. Алайда қадағалау органы бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың айтуынша, Алматы әкімдігі тексеру жүргізуді тапсырған. Комиссияға жергілікті депутаттық корпус, қалалық денсаулық сақтау, әкімдік, медициналық ұйымдар мен жедел жәрдем мамандары кірді. Олар лицензиялық қызметте, іс жүргізуде, штаттық құрылымда, кадр қызметінде, қаржылық есеп беру шарттарында, медициналық техниканы басқару жүйесін жүргізуде құқық бұзушылықты анықтады.

«Анықталған құқық бұзушылықтардың күрделілігіне байланысты қаржылық бақылау саласындағы құзыретті органдарды тарта отырып, қаржы-шаруашылық қызметті неғұрлым кеңейтілген тексеру қажет», деді Нариман Табынбаев.