Қоғам • 11 Маусым, 2021

Ерлан Карин: Әртүрлі қоғамдық топтар емін-еркін бейбіт жиындар өткізу құқығына ие болды

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы Ерлан Қарин бейбіт жиындар туралы заңның бір жыл ішінде қандай нәтиже бергенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Карин: Әртүрлі қоғамдық топтар емін-еркін бейбіт жиындар өткізу құқығына ие болды

«Президенттің саяси реформаларының аясында жарияланған бірінші пакет толық жүзеге асырылған болатын. Соның аясында 8 заң қабылданды. Оның ішіндегі ең үлкен заңдардың бірі – жиындар туралы заң болатын. Бұл заңның қабылданғанына бір жылдан асты. Сол бір жылдың ішінде бейбіт жиындар мен митингілер туралы заң қалай жұмыс істеді?

Жақында ғана сарапшылармен осы мәселені талқылағанбыз. Сол кезде сарапшылар бұл заңның іс жүзінде қандай өзгерістер алып келгенін айтты. Байқасаңыздар, әртүрлі қоғамдық топтар емін-еркін бейбіт жиындар өткізу құқығына ие болып, үлкен қалалардың орталықтарында жиындар өтіп жатыр», деді Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің екі жылдағы жұмысы талқыланған жиында.

Сондай-ақ, ол аталмыш заңнамалық өзгеріс еліміздегі саяси плюрализмнің дамуына, белсенді азаматтық және қоғамдық топтардың өз мәселелерін ортаға шығарып талқылауына мүмкіндік бергенін атады.