«Каспий» зауыты қазір күніне 17-20 мың текше метр суды тұщыландырып жатыр. Бұл негізінен күн сайын 14 мың текше метр су пайдаланатын Мұнайлы ауданына жұмсалады. 2 мың текше метр су – Құрық елді мекеніне берілсе, тағы 2 мың текше метр жағалауындағы нысандарға керек. Олардың арасында Rixos қонақ үйі де бар, оған тәулігіне 500-700 текше метр су беріледі. Бірақ жағалауда туризм біртіндеп дамыған сайын суға деген қажеттілік те көбейеді. Өзге нысандар салынып бітсе, тәулігіне тағы 10 мың текше метр су керек болады», деді С.Тұрымов.
Әкімнің айтуынша, ауыз су мәселесін шешу үшін Ақтау билігі «Каспий» зауытының қуатын арттыруды көздеп отыр. Яғни, ол тәулігіне 40 мың текше метр суды тұщыландыруы тиіс. Сол үшін республикалық бюджеттен 7,7 млрд теңге бөлінген.
«Жыл соңына дейін барлық жұмыс аяқталады деп сенімді түрде айта аламын. Мұнайлы ауданына да тұщыландыратын қосымша жабдықтар орнатамыз. Жерасты суын шығаратын орындар да бар. Осы аумақтан 4 мың текше метр суды шығару бойынша жұмыс дұрыс жолға қойылды. Оған жергілікті бюджеттен шамамен 160 млн теңге бөлінді», деді әкім.