Қоғам • 11 Маусым, 2021

Ауыл тұрғындары үшін кеңес беру қызметінің жұмысы жалғасуда

433 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР АҚДМ және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» көмегімен «Кеңес» онлайн кеңес беру қызметі «Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасын іске асыру аясында 100-ден астам кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл тұрғындары үшін кеңес беру қызметінің жұмысы жалғасуда

Жобаны іске асыру басталғаннан бері 100-ден астам кеңес берілді, олардың бір бөлігі – кешенді,  яғни «umbrella» қағидатына сәйкес әрбір өтініш бойынша 3 - 10 ауыл тұрғындарына көмек көрсетіледі. Кеңес берушілер 2,5 айда ауыл тұрғындарының өзекті мәселелері бойынша 50-ден астам скрипт әзірледі.

Желілік өзара іс-қимыл ретке келтірді және қызметтің ережелері жедел пысықталды.

Сонымен қатар 2021 жылдың 3-4 маусымында Қазақстанның 14 аймағынан келген «Кеңес» қызметінің үйлестірушілері Алматыда жаттықтырушыларға арналған тренингте (ЖАТ) кездесті.

Аталған іс-шара барысында сауалнама нәтижелері негізінде ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығының төмен болу себептеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмі құрылды, олар кеңес берумен қатар көптеген адамдарға құқықтары туралы білімдерін нығайуға көмектеседі. Пікір таластар тартысты өтті, әртүрлі тараптардың ұстанымдары қарастырылды: «Мемлекет қандай шаралар қолдануда, азаматтың кеңес берузі не істей алады және не істеуі керек».

«ЖАТ» форматы желідегі үйлестірушілердің өзара іс-қимылын сапалы дамытуға мүмкіндік берді.

«Кеңес» онлайн кеңес беру қызметінің міндеттерінің бірі ауылтұрғындарының құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып табылатынын атап өту қажет. Үйлестірушілер алынған ақпаратты қалай қолданғанын, қандай нәтиже алғанын анықтау үшін өтініш берушілерге хабарласып тұрады.

Жобаны іске асыру 2021 жылғы қарашаға дейін жалғасады. Ауыл тұрғындары консультация, қажетті материалдар алуға және өздерінің құқықтық мүмкіндіктері туралы білімін тереңдетуг емүмкіндіктері бар. Кеңес берушілер идеяны жүзеге асырғысы келетін, жеңілдіктерді пайдаланғысы келетін, бірақ қалай және қайда бару керектігін білмейтін тұлғаларға қажетті ақпаратты береді.