
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен шәкіртақы көлемі артып келеді. Биылғы қыркүйек айынан бастап бакалавриат бойынша стипендия мөлшері 30 мың теңгеден сәл асады деп жоспарлап отырмыз. Магистратураға келсек, 15%-ға өсіп, шамамен 76 мың теңге болмақ. Докторантура бойынша биылғы шәкіртақы 172 мың теңге болады деп жоспарлап отырмыз», деп түсіндірді А. Аймағамбетов.